Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

10.03.2026 15:14 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 10.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
12 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 25 917 534 300 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 87,1902 % (кірістілік – жылдық 16,25 %) деңгейінде 
белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 332 күн МЕККАМ KZK100000431 
(MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1561980

[2026-03-10]