Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 сәуірден бастап KASE-де "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00017759 (FPSTb9) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.04.2026 15:28 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 08.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 09 сәуірден 
бастап KASE-де "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00017759 облигацияларымен 
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb9; 
$100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) 
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Аталған облигациялар бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде баға 
белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза 
емес" бағасының үтірден кейінгі екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, 
баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb9

[2026-04-08]