Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 сәуір күні Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

14.04.2026 14:39 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 07.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде 2026 жылдың 17 сәуірінде Астана қаласының жергілікті атқарушы 
органының келесі облигацияларын орналастыру бойынша арнайы 
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) KZZJ00000177 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK022_017; 
   1 000 теңге, 15 000 000 000 теңге; 22 ай; жылдық купон, жартыжылдық 
   4,25 %; 30/360) 15 000 000 данасы;

2) KZZJ00000201 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK013_018; 
   1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 13 ай; жартыжылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/36030/360) 5 000 000 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған  https://kase.kz/ru/members/membership/all

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида 
мына сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/markets/government-
securities

[2026-04-14]