Нарық
27.11.2026

KASE 2026 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдерін қалыптастырды

27.11.2026 16:00 · KASE инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 27.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес 
KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың желтоқсан 
айына инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық 
қолхаттарының және бағалы қағаздардың бірінші, екінші және үшінші 
өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың 
тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен бекітілді және 
ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 желтоқсансы аралығында қолданылатын өтімділіктің 
бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 97 атаудағы бағалы қағаздар 
енгізілген. 2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класты 
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге 
мыналар кірді:

1) Johnson & Johnson US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай 
   акциялары;

2) JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 ("KASE Global" секторы, 
   JPM_KZ);

3) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ); жай 
   акциялары

4) базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, 
   "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табыладтын, 
   US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, 
   AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттар;

5) "Halyk Finance"АҚ басқаруымндағы "Баланс (50/50)" ИИПҚ 
   KZPF00000520 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   HFINhs) пайлары;

6) "Halyk Finance"АҚ басқаруымндағы "Жаһандық акциялар" ИИПҚ 
   KZPF00000546 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   HFINhp) пайлары.

2026 жылдың қараша айына құрылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен 
шығарылды:

1) Caterpillar US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай 
   акциялары;

2) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар 
   қоры"ИИПҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы 
   қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары;

3) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай 
   акциялары;

4) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" АИПҚ 
   KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   CSECtf).

2026 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_dec.pdf

2026 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_nov.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz