Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірінде болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

14.04.2026 15:23 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 14.04.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
16 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 5 625 689 200 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 87,7641 % (кірістілік – жылдық 17,25 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 87,7795 % құрады (кірістілік – жылдық 17,23 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірінде болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 297 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1564178

[2026-04-14]