Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 сәуірден бастап "Смартолёт Финанс "МҚҰ" ЖШС KZ2P00015647 (MFSFb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

14.04.2026 16:16 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 14.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 15 сәуірінен 
бастап "Смартолёт Финанс "МҚҰ" ЖШС KZ2P00015647 (KASE баламалы 
алаңы, "облигациялар" санаты, MFSFb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 
03.04.26 – 03.04.29; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSFb3

[2026-04-14]