"Bereke Bank" АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жалғыз акционері банктің жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 15.04.26/ – "Bereke Bank" АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) (KASE тикері – BERK) жалғыз акционердің 2026 жылдың 09 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - банктің 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 63 116 млн теңге мөлшеріндегі таза кіріс өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда шотында қалдырылсын; - банктің 2025 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BERK/berk_decision_sole_090426_3859.pdf [2026-04-15]