Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қорытындылар туралы хабарлайды

15.04.2026 18:36 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 15.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың I тоқсанының өндірістік қорытындысын 
шығарды.

Есепті кезеңде мұнай тасымалдау мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің 
шоғырландырылған көлемі 11 млн 947 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылғы 
I тоқсандағы көрсеткіштен 705 мың тоннаға артық.

Жеке "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 
11 млн 744 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2025 жылдың I тоқсанымен 
салыстырғанда 833 мың тоннаға артық.

I тоқсанда мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд 232 млн 
тоннакилометрді құрады, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 36 мың 
тоннакилометрге артық.

Жеке "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша магистральдық мұнай құбырлары 
жүйесіндегі мұнай жүк айналымы 8 млрд 635 млн тонна-километрді құрады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/7307-20260415-press-reliz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150426_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150426_eng.pdf

[2026-04-15]