Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

22.04.2026 09:30 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 сәуірінен 
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі бағалы қағаздармен 
сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) 
   iShares MSCI France ETF, сауда саттық 2026 жылдың 17 маусымынан 
   бастап қайта басталады;

2. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін ETF US4642871846 ("KASE Global" секторы, FXI_KZ) 
   iShares China Large-Cap ETF, сауда саттық 2026 жылдың 
   17 маусымынан бастап қайта басталады.

3. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі 
   күндерге келетін US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) 
   Starbucks Corporation (АҚШ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 
   18 мамырынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-22]