Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында State Street SPDR S&P 500 ETF Trust US78462F1030 (SPY_KZ) ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұрады

22.04.2026 15:36 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 сәуірінен 
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде 
есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 маусымына және одан кейінгі күндерге 
келетін репо операциялары бойынша State Street SPDR S&P 500 ETF Trust 
US78462F1030 ("KASE Global" секторы, SPY_KZ) ETF-тің KASE-де сауда-
саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2026 жылдың 
22 маусымынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-22]