/KASE, 23.04.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
Астана қаласы, 2026 жылғы 21 сәуір – "ForteBank" акционерлік қоғамы
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы туралы
хабарлайды. Басқосу аясында Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау
туралы шешім қабылданды.
Өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты Федор Викторович
Попандопуло Директорлар кеңесінің құрамындағы жұмысын өз еркімен
тоқтатты.
Акционерлер шешімімен Банктің Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры
болып –Жандосов Ораз Әлиұлы сайланды. Оның өкілеттігі 2026 жылғы
21 сәуірден бастап күшіне еніп, Директорлар кеңесінің қолданыстағы
құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2028 жылы өтетін
Банктің жылдық жалпы жиналысына дейін жарамды.
"Федор Викторович корпоративтік басқару жүйесін нығайту мен Банктің
стратегиялық күн тәртібінға елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігі, терең
қаржылық сараптамасы және тәуелсіз көзқарасы Директорлар кеңесі
деңгейінде салмақты шешімдер қабылдануына ықпал етті. Біз оған атқарған
жұмысы мен ForteBank-тің дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс
білдіреміз... "
дәйексөздің соңы
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_220426_2.pdf
[2026-04-23]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.