/KASE, 23.04.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жыл қорытындысы бойынша Банктің таза пайдасы 191,0 млрд теңге,
ал меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) 32,9 %. Бұл Қазақстанның
банк секторындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік
портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 %-ке
арттырды. Маңызды стратегиялық оқиға – Home Credit Bank-ті сатып алу
жөніндегі мәміленің аяқталуы. Бұл ForteBank-тің бөлшек сегменттегі
позициясын күшейтіп, бизнес ауқымын арттыруға қосымша мүмкіндік береді.
Жыл қорытындысы бойынша Банк активтері 49 %-ке өсіп, 6,1 трлн теңгеге
жетті. Таза проценттік кіріс 19,5 %-ке артып, 313,9 млрд теңгеге жетті. Бұл
кредиттік портфель мен активтердің кірісінің артуына байланысты. Меншікті
капитал 36 %-ке өсіп, 774,9 млрд теңгеге жетті, бұл қаржылық тұрақтылық
қорын қамтамасыз етіп, реттеушілік нормативтерден асып түсті.
Клиенттердің сенімі мен қаржыландырудың тұрақтылығы есебінен
депозиттік база 50 %-ке өсіп, 4,3 трлн теңгеболды. Көрсеткіштердің өсуі
органикалық даму есебінен, сондай-ақ сатып алынған банктің
көрсеткіштерін консолидациялау нәтижесі арқылы да қалыптасты.
дәйексөздің соңы
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_230426_1.pdf
[2026-04-23]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.