Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 28 мамырда өткізу туралы хабарлама

24.04.2026 10:20 · KASE корпоративтік оқиғалар собрания (уведомления о проведении) новости эмитентов ·
/KASE, 24.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) 2026 жылдың 
28 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні 
туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғамның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және 
   аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту 
   туралы;

2) қоғамның 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай 
   акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 
   қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту 
   туралы;

3) қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылда атқарған жұмысы туралы 
   жылдық есебін бекіту туралы;

4) қоғам акционерлерінің 2025 жылдағы қоғамның және оның лауазымды 
   адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау 
   қорытындылары туралы;

5) акционерлік қоғамның жарғысына өзгеріс енгізу туралы;

6) акционерлік қоғамның Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы;

7) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы.

Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат 
ораналастырылды – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_280
526_6667.pdf

[2026-04-24]