ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама
27.04.2026 10:52·KASEновости kaseпресс-релизы, различные уведомления биржикорпоративтік оқиғалар·
/KASE, 27.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлер қоғамы (бұдан
әрі – Биржа) Биржа Басқармасы Қазақстан Республикасы, A15G7M6,
Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды
кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат мекенжайы бойынша орналасқан)
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі
– Заң) 35-бабының 1- тармағының, 37-бабының 1-тармағының, 3-
тармағының 3) тармақшасының және 41-бабының негізінде Биржаның
акционерлерін Директорлар кеңесінің бастамасы (2026 жылғы 23 сәуірдегі
№ 13 отырыс хаттамасы) бойынша шақырылатын Биржа акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы)
өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Акционерлердің жалпы жиналысы 2026 жылғы 28 мамырда сағат 10.00-де
(Астана қ. уақыты бойынша) Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty
Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат
мекенжайында келесі күн тәртібімен өтеді:
1. "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың 2025 жылғы қызметі жөніндегі есепті
қарау туралы.
3. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың 2025 жылғы орнықты даму жөніндегі
есебін қарау туралы.
4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың 2025 жылғы аудиттелген жылдық
қаржылық есептілігін бекіту туралы.
5. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін
бекіту, "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың жай акциялары бойынша
дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және "Қазақстан қор биржасы"
АҚ-тың бір жай акциясына есептелетін дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
6. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың 2026 жылғы жылдық қаржылық
есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды айқындау
туралы.
7. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелері мен
Басқарма мүшелеріне 2025 жылы төленген сыйақының мөлшері мен
құрамы туралы ақпаратты қарау туралы.
8. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне 2025 жыл
үшін сыйақы төлеу туралы.
9. Биржа Жарғысына енгізілген № 9 өзгерістер мен толықтыруларды
бекіту туралы.
10. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың және оның лауазымды адамдарының
әрекеттеріне акционерлердің шағымдарын қарау және оларды қарау
қорытындысы туралы.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылдың 28 мамырында жиналыс
өткізілетін орын бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге
асырылады.
Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 2026 жылдың 29 мамырында
сағат 10:00-ден бастап сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайта жиналысқа
қатысушыларды тіркеу 2026 жылдың 29 мамырында сағат 09:00-ден
09:45-ке дейін өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылдың
14 мамырында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-
ресурсында қолжетімді:
- https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_280526_kaz.pdf – қазақ тілінде;
- https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_280526.pdf – орыс тілінде.
[2026-04-27]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.