"KMF Банк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 26 мамырда өткізу туралы хабарлама
/KASE, 25.04.25/ – "KMF Банк" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2026 жылдың 26 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібі: 1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; 2) қоғамның 2025 жылға жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту; 3) қоғамның 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау; 4) қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау; 5) 2025 жылы акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдарының болмауы туралы ақпаратты қарау; 6) қоғамның Дивидендтерін төлеу саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы; 7) қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылға есебін бекіту туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/MFKM/mfkm_special_shareholders_meeting_info_260526_2979.pdf [2026-04-27]