Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 сәуірден бастап бес атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне жәнеТ+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

28.04.2026 17:57 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 28.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 30 сәуірінен 
бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен 
мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне 
(Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар қосылады:

1) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00014959 (KASE негізгі 
   алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb104) – Т+ Тізіміне 
   және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне;

2) Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015139 (KASE негізгі 
   алаңы,"облигациялар" санаты, KFUSb108) Т+ Тізіміне және Т+ 
   Қамтамасыз ету тізіміне;

3) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017481 (KASE негізгі 
   алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb24) – Т+ Тізіміне;

4) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017549 (KASE негізгі 
   алаңы,"облигациялар" санаты, HCBNb31) – Т+ Тізіміне;

5) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017556 (KASE негізгі 
   алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb32) – Т+ Тізіміне.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу 
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-04-28]