Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 мамырдан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеуге арналған өкілдік тізім 59 атаудағы мбқ-дан тұратын болады

29.04.2026 10:46 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 29.04.26/ – 2026 жылдың 04 мамырынан бастап KZGB_CPm1m және 
KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) 59 атауынан 
тұратын болады

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді 
есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген 
   купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін, 
   өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының 
   баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық 
   табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді 
   ескере отырып);

3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;

4) индекстің дюрациясы, жылдармен;

5) түрлендірілген индекстің дюрациясы.

2026 жылдың мамыр айындағы көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік 
тізім 2026 жылдың 28 сәуіріндегі кешке (осы тізім күшіне енген күнге дейін 
үш жұмыс күні бұрын) МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды.

Өкілдік тізім 2026 жылдың 04 мамырында мына бетте жарияланады 
https://kase.kz/ru/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).

[2026-04-29]