Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады

04.05.2026 15:32 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 04.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
05 мамырынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 08 мамырына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) 
   American Electric Power Company, Inc., сауда саттық 2026 жылдың 
   12 мамырынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 13 мамырына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) 
   ConocoPhillips, сауда саттық 2026 жылдың 13 мамырынан бастап қайта 
   басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) The 
   Coca-Cola Company, сауда саттық 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 
   қайта басталады;

4) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) 
   Occidental Petroleum Corp., сауда саттық 2026 жылдың 12 маусымынан 
   бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-05-04]