Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 мамырда KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда жүргізілетін KZKD00001301 (MUM096_0015) МЕУКАМ орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

05.05.2026 15:18 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 05.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ 
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің есеп айырысуы 2026 жылғы 08 мамырда жүргізілетін 
мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) 
KZKD00001301 (MUM096_0015) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент атаулы құны бойынша жалпы 
сомасы 35 915 925 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып кесім бағасын 
атаулы құнның 97,1332 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,12 %). 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған "таза" баға атаулы 
құнның 97,2949 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 15,08 %).

Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық 
жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда жүргізілетін және 
өтеуге дейінгі мерзімі 7,1 жыл болатын KZKD00001301 (MUM096_0015) 
МЕУКАМ орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-
саттық өткізіледі" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған –  
https://kase.kz/ru/information/news/show/1565923

[2026-05-05]