Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 мамырда KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін және айналыс мерзімі 7,0 жыл болатын KZKF00000038 (MTC084_0001) МЕТИСКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті

12.05.2026 15:06 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 12.05.2026/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор 
биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2026 жылғы 14 
мамырда жүргізілетін және айналыс мерзімі 7,0 жыл болатын Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрлігінің TONIA Compounded Index (TONIA TCI) 
индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін 
(МЕТИСКАМ) KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент қанағаттандырылған өтінімдер 
бойынша жылдық 1,02 % сыйақы мөлшерлемесімен номиналды құны 
бойынша жалпы сомасы 65 500 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.

Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек 
жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін және 
айналыс мерзімі 7,0 жыл болатын KZKF00000038 (MTC084_0001) 
МЕТИСКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" атты жаңалығы https://kase.kz/ru/information/news/show/1566253 
сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-05-12]