Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 мамырдан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00014574 (MFSLb13) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

15.05.2026 15:16 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
18 мамырынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00014574 (KASE 
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSLb13; 1 000 теңге, 4,0 млрд 
теңге; 05.05.26 – 05.11.28; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSLb13

[2026-05-15]