Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 мамырда болатын МЕУКАМ KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

02.06.2026 15:22 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 02.06.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
04 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001293 (MUM156_0008) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 121 500 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 94,9914 % (кірістілік – жылдық 15,02 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 95,2747 % құрады (кірістілік – жылдық 14,97 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 маусымында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 12 жыл МЕУКАМ KZKD00001293 
(MUM156_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1567775

[2026-06-02]