Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 мамырда болатын МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

02.06.2026 15:26 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 02.06.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
04 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 30 755 230 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 80,9980 % (кірістілік – жылдық 17,05 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 81,0820 % құрады (кірістілік – жылдық 17,00 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 маусымында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,5 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 
(MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1567778

[2026-06-02]