Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018302 (MFSCb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

11.06.2026 15:51 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 11.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
12 маусымынан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС 
KZ2P00018302 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb10; 
1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 
30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSCb10

[2026-06-11]