Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 шілде күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

21.07.2026 15:10 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 21.07.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
23 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 20 693 082 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 104,7407 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 104,7560 % құрады (кірістілік – жылдық 14,00 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 шілдеде болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 7,6 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/15714724

[2026-07-21]