Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 шілдеден бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00019110 (FPSTb12) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

27.07.2026 11:30 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 27.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы 2026 жылғы 
23 шілдеде "BASS Gold" ЖШС-ның (Ұлытау облысы) KZ2P00019110 
(FPSTb12; $100, $2,0 млн; 360 күн; тоқсан сайынғы купон, жылдық 10,50 %; 
30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңының 
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім 
қабылдады.

Аталған Басқарма шешімі 2026 жылғы 27 шілдеден бастап күшіне енеді.

KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылатыны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb12 сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-07-27]