Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

28 шілдеде KASE-де есеп айырысу күні 30 шілде болатын KZKD00001293 (MUM156_0008) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

28.07.2026 15:20 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 28.07.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда жүйесінде есеп айырысу күні 2026 жылғы 30 
шілде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
KZKD00001293 (MUM156_0008) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес эмитент номиналдық құны 
бойынша жалпы сомасы 58 628 541 000 KZT болатын өтінімдерді 
қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 100,4180 % деңгейінде 
белгіледі (кірістілігі – жылдық 14,00 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі 
орташа сараланған таза баға номиналдың 100,4421 %-ын құрады (кірістілігі 
– жылдық 14,00 %).

Орналастыру нәтижелері туралы кеңейтілген жаңалық кейінірек 
жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу күні 30 шілде және өтеуге дейінгі 
мерзімі 11,8 жыл болатын KZKD00001293 (MUM156_0008) МЕУКАМ-ды 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" атты жаңалығы https://kase.kz/ru/information/news/show/1572129 
сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-07-28]