Бүгін Қазақстан қор биржасында 15:30-дан 16:00-ге дейін есептесуі 13 тамызда болатын, өтеуге дейін мерзімі 178 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
11.08.2026 15:30·KASEторговая информацияанонсы и результаты размещенийновости kase·
/KASE, 11.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: бүгін KASE
сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін ( МЕККАМ)
қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық
төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізіледі.
-----------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды: MKM012_0162
Бағалы қағаздардың түрі: МЕККАМ
ISIN: KZK100000431
Номиналды құны, теңге: 100
Айналымдағы облигациялардың көлемі, дана: 1 776 847 437
Айналымға жіберу күні: 05.02.26
Айналымда болудың соңғы күні: 04.02.27
Өтеу күні: 05.02.27
Айналым мерзімі: 365 күн
Уақыттық база: actual / actual
--------------------------------------------- --------------------------------------
Сауда-саттық күні: 11.08.26
Өтеуге дейін мерзімі, жыл (күн): 178 күн
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру 0
дәрежесі,%*:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесімдеу уақыты: 17:00 дейін (Т+0)
Төлеу күні: 13.08.26
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе сатушы
үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді өтінімдердің
бағасы бойынша
---------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
қағидалары http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pd сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/investors/gsecs/MKM012_0162 сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2026-08-13]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.