Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

11 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 тамызда болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

11.08.2026 15:35 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 11.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
13 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа 
мерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 6 000 000 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 92,7545 % (кірістілік – жылдық 16,20 %) деңгейінде белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру 
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 тамызда болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 178 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1573138

[2026-08-11]