Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 тамызда болатын МЕОКАМ KZK200000760 (MOM048_0056) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

18.08.2026 15:17 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 18.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
20 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) 
KZK200000760 (MOM048_0056) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 76 321 732 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 104,6515 % (кірістілік – жылдық 15,00 %) деңгейінде белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 104,6631 % құрады (кірістілік – жылдық 15,00 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 тамызда болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 3 жыл МЕОКАМ KZK200000760 (MOM048_0056) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/information/news/show/1573564

[2026-08-18]