Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 тамызда болатын МЕТИСКАМ KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

18.08.2026 15:21 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 18.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
20 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік TONIA Compounded Index (TONIA TCI) индексіне индектелген 
қазынашылық міндеттемелері (МЕТИСКАМ) KZKF00000038 (MTC084_0001) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 64 700 229 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын 
номиналдан 101,4000 % (кірістілік – жылдық 18,10 %) деңгейінде белгіледі. 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 101,4112 % құрады (кірістілік – жылдық 18,10 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 тамызда болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 6,7 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000038 
(MTC084_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1573570

[2026-08-18]