Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

08 қыркүйекте KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін KZK200000737 (MOM060_0054) МЕОКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

08.09.2026 15:25 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
  • Дәйек: 2026 жылғы 8 қыркүйекте KZK200000737 мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша сауда-саттық өтіп, 36 487 511 000 KZT сомасындағы өтінімдер қанағаттандырылды.
  • Инвестор үшін: Кесім бағасы номиналдың 99,3555% деңгейінде белгіленді, бұл жылдық 15,90% кірістілікке сәйкес келеді.
  • Неге назар аудару керек: Есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 қыркүйекте жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. Бұл процедура мемлекеттік облигацияларды нарықта орналастырудың стандартты тәсілі болып табылады.

Орналастыру нәтижесі бойынша белгіленген кесім бағасы мен кірістілік көрсеткіштері бұл құралдың ағымдағы нарықтық құнына әсер етеді. Құжат бойынша өтеуге дейінгі мерзім 1,2 жылды құрайды.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 08.09.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу 2026 жылғы 10 
қыркүйекте жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
KZK200000737 (MOM060_0054) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған 
қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 36 487 511 000 KZT болатын өтінімдерді қанағаттандырып, кесім 
бағасын номиналдың 99,3555 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 
15,90 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 99,3819 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 15,87 %).

Орналастыру нәтижеcі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек 
жарияланады.

KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысу 10 қыркүйекте жүргізілетін және 
өтеуге дейінгі мерзімі 1,2 жыл болатын KZK200000737 (MOM060_0054) 
МЕОКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-
саттық өткізіледі" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды:  
https://kase.kz/ru/information/news/show/1575118

[2026-09-08]