Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 қаңтарда болатын, өтеуге дейін мерзімі 6,2 жыл МЕУКАМ KZKD00001285 (MUM084_0020) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
Хабарламадағы бағалы қағаз:
MUM084_0020
ҚаржыМин · KASE · 101,03 ₸ (15.10.2026) →
/KASE, 13.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты). ----------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MUM084_0020 Бағалы қағаздардың түрі: МЕУКАМ ISIN: KZKD00001285 Номиналды құны, теңге: 1 000 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 364 665 651 Айналысқа жіберу күні: 06.03.25 Айналыста болудың соңғы күні: 05.03.32 Өтеу күні: 06.03.32 Айналыста болу мерзімі: 7 жыл (2 520 күн) Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 14,60 Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 06 наурызда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ---------------------------- Сауда-саттық күні: 13.01.26 Өтеуге дейін мерзімі: 6,2 жыл (2 213 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 15 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00 Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00 Кесім уақыты: 17:00 дейін (Т+0) Төлем жасалатын күн: 15.01.26 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімді бағаға тең немесе әдісі: сатушы үшін ұтымдырақ болатын қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша ----------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысу Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінім қанағаттандырылуы тиіс деген болжамға сүйене отырып) қамтамасыз етуге міндетті. Аталмыш облигацияларды шағыру туралы толық ақпаратпен https://kase.kz/kz/investors/gsecs/MUM084_0020 бойынша танысуға болады.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026