Нарық
23.11.2026

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 2,8 жыл МЕТИКАМ KZKT00000040 (MTM072_0001) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

03.02.2026 15:22 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MTM072_0001 ҚаржыМин · KASE · 102,20 ₸ (20.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің TONIA мөлшерлемесіне индекстелген, мемлекеттік 
ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕТИКАМ) бойынша төменде 
берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-
саттық (Астана қ. уақыты) өткізіледі.

--------------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MTM072_0001                          
Бағалы қағаздардың түрі:                         МЕТИКАМ                              
ISIN:                                            KZKT00000040                         
Номиналды құны, теңге:                           1 000                                
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:        116 965 079                          
Айналысқа жіберу күні:                           18.11.22                             
Айналыста болудың соңғы күні:                    17.11.28                             
Өтеу мерзімі:                                    18.11.28                             
Айналыста болу мерзімі:                          6 жыл (2 160 күн)                    
Купонная ставка, % годовых:                      1,20 + TONIA Compounded              
                                                 алты айға (TCR_6M)                   
Купонды төлеу мерзімділігі:                      жылына 2 рет                         
Купон төлемдерін бастау күндері:                 жыл сайын 18 мамырда және 18 қарашада
Уақыттық базасы:                                 30 / 360                             
------------------------------------------------ -------------------------------------
Сауда-саттық күні:                               03.02.26                             
Өтеуге дейін мерзімі:                            2,8 жыл (1 005 күн)                  
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    20 000,0                             
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға                          
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0                                    
Өтінім беру тәсілі:                              жабық                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00                          
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00                          
Кесім уақыты:                                    17:00 дейін (Т+0)                    
Төлеу күні:                                      05.02.26                             
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру            кесімді бағаға тең немесе сатушы     
әдісі:                                           үшін ұтымдырақ болатын               
                                                 қарсылама шектелімді өтінімдердің    
                                                 бағасы бойынша                       
--------------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
номиналды құнның пайызымен облигацияның "таза" (жинақталған 
сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша 
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде 
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер 
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша 
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін 
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер 
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MTM072_0001 · KASE 102,20₸ мәміле 20.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz