Нарық
23.11.2026

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 365 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

03.02.2026 15:26 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MKM012_0162 ҚаржыМин · KASE · 96,49 ₸ (10.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕККАМ) қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда 
өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты).

----------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MKM012_0162                      
Бағалы қағаздардың түрі:                         МЕККАМ                           
ISIN:                                            KZK100000431                     
Номиналды құны, теңге:                           100                              
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:        –                                
Айналысқа жіберу күні:                           05.02.26                         
Айналыста болудың соңғы күні:                    04.02.27                         
Өтеу мерзімі:                                    05.02.27                         
Айналыста болу мерзімі:                          365 күн                          
Уақыттық базасы                                  actual / actual                  
------------------------------------------------ ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                               03.02.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    30 000                            
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға                      
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0                                
Өтінім беру тәсілі:                              жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00                      
Кесім уақыты:                                    17:00 (Т+0) дейін                
Төлеу күні және уақыты:                          05.02.26                         
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:     кесімдеу бағасына тең немесе     
                                                 сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                                 табылады шектелімді қарсылама    
                                                 өтінімдердің бағалары бойынша    
----------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" 
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге 
асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген 
төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) 
ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп 
айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып 
алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның 
болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген 
және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген 
болжамға сүйене отырып).
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MKM012_0162 · KASE 96,49₸ мәміле 10.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz