Нарық
23.11.2026

03 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

03.03.2026 15:15 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MUM180_0009 ҚаржыМин · KASE · 87,40 ₸ (23.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 03.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
05 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 38 018 034 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 81,4396 % (кірістілік – жылдық 16,00 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 81,4684 % құрады (кірістілік – жылдық 15,98 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,8 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 
(MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1561554
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MUM180_0009 · KASE 87,40₸ мәміле 23.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz