Нарық
24.11.2026

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірде болатын, өтеуге дейін мерзімі 5 жыл МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

14.04.2026 15:17 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MUX072_0003 ҚаржыМин · KASE · 95,39 ₸ (20.04.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 14.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық 
міндеттемелерін (МУИКАМ) қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда 
өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты).

-----------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MUX072_0003                 
Бағалы қағаздардың түрі:                         МУИКАМ                      
ISIN:                                            KZKB00000040                
Номиналды құны, теңге:                           1 000                       
Айналыстағы облигациялар көлемі, дана:           122 500 000                 
Өтініштің басталу күні:                          31.03.25                    
Өтініштің соңғы күні:                            30.03.31                    
Өтеу күні:                                       31.03.31                    
Өтініш беру мерзімі:                             6 жыл (2 160 күн)           
Купондық мөлшерлеме, жылдық %:                   2,50 + инфляция индексі     
Купондарды төлеу мерзімділігі:                   жылына 1 рет                
Купондарды төлеудің басталу күндері:             жыл сайын 31 наурызда       
Уақыттық база:                                   30 / 360                    
------------------------------------------------ ----------------------------
Сауда-саттық күні:                               14.04.26                    
Өтеуге дейін мерзімі:                            5 жыл (1 787 күн)           
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    50 000,0                    
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға                 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0                           
Өтінім беру тәсілі:                              жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00                 
Кесім уақыты:                                    17:00-ге дейін (Т+0)        
Төлеу күні және уақыты:                          16.04.26                    
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:     кесімді бағаға тең немесе   
                                                 сатушы үшін ұтымдырақ       
                                                 болатын қарсылама шектелімді
                                                 өтінімдердің бағасы бойынша 
-----------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" 
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша 
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде 
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер 
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша 
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін 
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер 
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MUX072_0003 · KASE 95,39₸ мәміле 20.04.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz