12 мамырда KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
Хабарламадағы бағалы қағаз:
MUM300_0001
ҚаржыМин · KASE · 66,62 ₸ (20.11.2026) →
/KASE, 12.05.2026/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2026 жылғы 14 мамырда жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) KZKD00000725 (MUM300_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE осы хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 54 600 925 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағансын номиналдан 60,2912 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 15,10 %) белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 60,6280 % болды (кірістілігі – жылдық 15,01 %). Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде осы бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026