Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 мамырда болатын, өтеуге дейін мерзімі 12 жыл МЕУКАМ KZKD00001293 (MUM156_0008) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
Хабарламадағы бағалы қағаз:
MUM156_0008
ҚаржыМин · KASE · 102,61 ₸ (10.11.2026) →
/KASE, 26.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MUM156_0008 Бағалы қағаздардың түрі: МЕУКАМ ISIN: KZKD00001293 Номиналды құны, теңге: 1 000 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 59 930 000 Айналысқа жіберу күні: 22.05.25 Айналыста болудың соңғы күні: 21.05.38 Өтеу күні: 22.05.38 Айналыста болу мерзімі: 13,0 жыл (4 680 күн) Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 14,10 Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 22 мамырда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ---------------------------- Сауда-саттық күні: 26.05.26 Өтеуге дейін мерзімі: 12 жыл (4 316 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00 Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00 Кесім уақыты: 17:00-ге дейін (Т+0) Төлеу күні: 29.05.26 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша ----------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026