Нарық
24.11.2026

04 тамызда KASE-де есеп айырысу күні 06 тамыз болатын KZK100000449 (MKM012_0163) МЕККАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

04.08.2026 15:20 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MKM012_0163 ҚаржыМин · KASE · 93,69 ₸ (19.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 04.08.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор 
биржасының" (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысу күні 2026 жылғы 
06 тамыз болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
KZK100000449 (MKM012_0163) мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған 
қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған эмитенттің хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны 
бойынша жалпы сомасы 31 049 212 200 KZT болатын өтінімдерді 
қанағаттандырып, кесім бағасын номиналдың 89,1222 % деңгейінде 
белгіледі (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 16,20 %). Қанағаттандырылған 
өтінімдердегі орташа сараланған таза емес баға номиналдың 89,1264 % 
құрады (өтеуге дейінгі кірістілік – жылдық 16,19 %).

Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде 
аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген 
жаңалық кейінірек жарияланады.
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MKM012_0163 · KASE 93,69₸ мәміле 19.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz