Нарық
23.11.2026

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 тамызда болатын, өтеуге дейін мерзімі 3,7 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000020 (MTC048_0002) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

25.08.2026 15:08 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MTC048_0002 ҚаржыМин · KASE · 102,50 ₸ (20.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 25.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық Tonia Compounded Index 
индексіне индекстелген (TONIA TCI) міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) 
қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде 
келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ. уақыты).

--------------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MTC048_0002                          
Бағалы қағаздардың түрі:                         МЕТИСКАМ                             
ISIN:                                            KZKF00000020                         
Номиналды құны, теңге:                           1 000                                
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:        212 041 754                          
Айналымның басталу күні:                         08.05.26                             
Айналымның соңғы күні                            07.05.30                             
Өтеу күні:                                       08.05.30                             
Айналым мерзімі:                                 4 жыл (1 460 күн)                    
Купондық мөлшерлеме:                             1,02 + TONIA TCI                     
Купонды төлеу мерзімділігі:                      жылына 2 рет                         
Купонды төлеуді бастау күні                      жыл сайын 08 қарашада және 08 мамырда
Уақыттық базасы:                                 actual / 365                         
------------------------------------------------ -------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:                    25.08.26                             
Өтелуіне дейінгі мерзім:                         3,7 жыл (1 352 күн)                  
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    15 000,0                             
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға                          
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0                                    
Өтінім беру тәсілі:                              жабық                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00                          
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00                          
Кесім уақыты:                                    17:00 дейін (Т+0)                    
Төлем жасалатын күн:                             27.08.26                             
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру            кесімдеу бағасына тең немесе         
әдісі:                                           сатушы үшін неғұрлым тиімді болып    
                                                 табылатын, шектелген қарсылама       
                                                 өтінімдердің бағалары бойынша        
--------------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" 
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша 
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде 
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер 
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша 
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін 
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер 
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MTC048_0002 · KASE 102,50₸ мәміле 20.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz