Нарық
23.11.2026

03 қараша күні Қазақстан қор биржасында Қазақстан Қаржы министрлігі 56,0 млн МЕУКАМ KZKD00000857 (MUM300_0003) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,80 %-бен орналастырды

03.11.2026 18:15 · KASE Облигации и купоны торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MUM300_0003 ҚаржыМин · KASE · 68,05 ₸ (11.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 3 қарашада ҚР Қаржы министрлігінің KZKD00000857 мемлекеттік облигациялары бойынша қайталама сауда-саттық өтіп, 56,0 млн бірлік орналастырылды.
  • Инвестор үшін: Облигацияларды сатып алушылар үшін жылдық орташа сараланған кірістілік 13,80% деңгейінде белгіленді.
  • Неге назар аудару керек: Есептеулер 2026 жылғы 5 қарашада жүзеге асырылады, содан кейін бұл қағаздар KASE қайталама нарығында айналысқа жіберіледі.
Бұл мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша стандартты процедура. Сауда-саттыққа 5 қатысушы қатысып, сұраным жоспарланған көлемнен жоғары (137,5%) болғанымен, іс жүзінде жоспардың 93,3%-ы ғана қанағаттандырылды.

Орналастыру нәтижесіндегі 13,80% кірістілік көрсеткіші нарықтағы мемлекеттік қағаздарға деген сұраныс пен бағаның қазіргі деңгейін көрсетеді. Бұл оқиға нарықта жаңа драйверлерді тудырмайды, тек мемлекеттік қарызды басқарудың ағымдағы процесін білдіреді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 03.11.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ 
мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша 
қайталама мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда 
(Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                      
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       5                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),             76 / 13            
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           76 / 13            
– нарықтық:                                             0 / 0              
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                  60 461,0           
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           60 461,0           
– нарықтық:                                             0,0                
Сұранымға өтінім:                                       137,5 %            
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):  
– минималды                                             66,6997            
– максималды                                            68,0252 / 67,5820  
– орташа сараланған                                     67,5713 / 67,4968  
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):      
– минималды                                             13,70 / 13,80      
– максималды                                            14,00              
– орташа сараланған                                     13,80 / 13,82      
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары          
  растаған өтінімдер.                                                       

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:                                                
------------------------------------------------------- -------------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар:      56 000 000         
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, KZT:            41 086 359 000,0   
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                      6                  
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         4                  
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:       93,3               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %:      67,9               
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:                
– минималды                                             67,5789            
– максималды                                            67,5820            
– орташа сараланған                                     67,5792            
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,    13,80              
жылдық %:                                                                  
---------------------------------------------------------------------------

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ KZKD00000857 
(MUM300_0003) толық көлемі номиналды құны 604 108 493 000 KZT 
сомасына 604 108 493 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептесулер 2026 жылдың 05 қарашасында 
(Т+2 сызбасы бойынша) жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған 
МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі 
келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE 
қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте 
облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:                                                      
--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                            03.11.26                     
Өтеуге дейін мерзімі:                         13,3 лет (4 793 күн)         
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000,0                     
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа қарай     
дәрежесі,%:                                   0-ден 100-ге дейін           
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                  
Кесімдеу күні және уақыты:                    03.11.26, 15:00              
Төлеу күні:                                   05.11.26                     
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              қарсылама өтінімдердің       
қанағатандыру тәсілі:                         көлеміне пропорционалды      
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе 
                                              сатушы үшін ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді         
                                              өтінімдердің бағасы бойынша  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    қарсылама өтінімдердің       
                                              көлеміне пропорционалды      
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:             орташа сараланған баға       
                                              бойынша                      
---------------------------------------------------------------------------

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MUM300_0003 · KASE 68,05₸ мәміле 11.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz