Нарық
24.11.2026

17 қараша күні Қазақстан қор биржасында Қазақстан Қаржы министрлігі 14,0 млн МЕУКАМ KZKD00001186 (MUM180_0015) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,70 %-бен орналастырды

17.11.2026 18:00 · KASE Облигации и купоны торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MUM180_0015 ҚаржыМин · KASE · 84,70 ₸ (19.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 17 қарашада Қаржы министрлігінің KZKD00001186 мемлекеттік облигациялары бойынша қайталама орналастыру өтіп, 14,0 млн дана бағаланды
  • Инвестор үшін: Орташа сараланған кірістілік жылдық 13,70% деңгейінде белгіленді, бұл сатып алушылар үшін нақты табыс көрсеткіші болып табылады
  • Неге назар аудару керек: Есептеулер 2026 жылғы 19 қарашада жүзеге асырылады, содан кейін облигациялар KASE қайталама нарығында айналысқа жіберіледі
Бұл мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша стандартты процедура. Сұраным жоспарланған көлемнен жоғары болғанымен (146,7%), іс жүзінде жоспардың тек 46,7%-ы ғана қанағаттандырылды.

Облигациялардың өтеуге дейінгі мерзімі 9,8 жылды құрайды. Орналастыру нәтижесінде қалыптасқан 13,70% кірістілік көрсеткіші бұл бағалы қағаздардың нарықтық құны мен табыстылығын анықтайтын негізгі параметр болып табылады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 17.11.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ 
мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша 
қайталама мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда 
(Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                      
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       5                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),             31 / 10            
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           31 / 10            
– нарықтық:                                             0 / 0              
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн KZT,                    38 344,2           
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           38 344,2           
– нарықтық:                                             0,0                
Сұранымға өтінім:                                       146,7 %            
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):  
– минималды                                             84,1844 / 84,4148  
– максималды                                            85,1116 / 84,6490  
– орташа сараланған                                     84,6931 / 84,6306  
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):      
– минималды                                             13,60 / 13,70      
– максималды                                            13,80 / 13,75      
– орташа сараланған                                     13,69 / 13,70      
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары          
  растаған өтінімдер.                                                       

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:                                                
------------------------------------------------------- -------------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар:      14 000 000         
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, KZT:            12 202 714 666,7   
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                      3                  
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         2                  
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:       46,7               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %:      31,8               
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:                
– минималды                                             84,6463            
– максималды                                            84,6490            
– орташа сараланған                                     84,6469            
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,    13,70              
жылдық %:                                                                  
---------------------------------------------------------------------------

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ KZKD00001186 
(MUM180_0015) толық көлемі номиналды құны 560 426 828 000 KZT 
сомасына 560 426 828 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептесулер 2026 жылдың 19 қарашасында 
(Т+2 сызбасы бойынша) жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған 
МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі 
келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE 
қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте 
облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:                                                    
-------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                           17.11.26                    
Өтеуге дейін мерзімі:                        9,8 лет (3 518 күн)         
Орналастырудың жарияланған көлемі,           30 000,0                    
млн KZT:                                                                 
Сауда-саттық мәні:                           "таза" баға                 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру          нарықтық сұранысқа қарай    
дәрежесі,%:                                  0-ден 100-ге дейін          
Өтінім беру тәсілі:                          жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 09:00–12:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                   09:00–12:00                 
Кесімдеу күні және уақыты:                   17.11.26, 15:00             
Төлеу күні:                                  19.11.26                    
Қарсылама шектелімді өтінімдерді             қарсылама өтінімдердің      
қанағатандыру тәсілі:                        көлеміне пропорционалды     
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең       
                                             немесе сатушы үшін          
                                             ұтымдырақ болатын           
                                             қарсылама шектелімді        
                                             өтінімдердің бағасы бойынша 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:   қарсылама өтінімдердің      
                                             көлеміне пропорционалды     
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:            орташа сараланған баға      
                                             бойынша                     
-------------------------------------------------------------------------

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MUM180_0015 · KASE 84,70₸ мәміле 19.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz