Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қаңтарда болатын МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

20.01.2026 15:22 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 13.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
22 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) 
KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 45 424 065 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 104,6154 % (кірістілік – жылдық 15,51 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 104,7255 % құрады (кірістілік – жылдық 15,48 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қаңтарында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 4,7 жыл МЕОКАМ KZK200000778 
(MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1558894

[2026-01-20]