Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

27.01.2026 15:20 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 27.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
29 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 32 710 520 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 80,9180 % (кірістілік – жылдық 16,01 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 80,9605 % құрады (кірістілік – жылдық 15,99 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,9 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 
(MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1559394

[2026-01-27]