Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын МЕУКАМ KZKD00001228 (MUM096_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

27.01.2026 15:23 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 27.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
27 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001228 (MUM096_0014) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 28 250 018 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 94,6990 % (кірістілік – жылдық 15,48 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 94,8181 % құрады (кірістілік – жылдық 15,44 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,3 жыл МЕУКАМ KZKD00001228 
(MUM096_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1559397

[2026-01-27]