Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

03 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын МЕККАМ KZK100000431 (MUM096_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

03.02.2026 15:27 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 03.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
05 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000431 (MUM096_0014) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 12 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 85,9845 % (кірістілік – жылдық 16,30 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 86,0524 % құрады (кірістілік – жылдық 16,21 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын және 
өтелгенге дейінгі мерзімі 365 күн МЕККАМ KZK100000431 (MUM096_0014) 
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/kz/information/news/show/1559929

[2026-02-03]