Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 ақпанында болатын МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

10.02.2026 15:27 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 10.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
12 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 66 127 138 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 78,2424 % (кірістілік – жылдық 15,25 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 78,5897 % құрады (кірістілік – жылдық 15,17 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 ақпанында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 11 жыл МЕУКАМ KZKD00001194 
(MUM180_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1560442

[2026-02-10]