Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 ақпанында болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

17.02.2026 15:24 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 17.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
19 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) 
KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 33 350 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 86,5428 % (кірістілік – жылдық 16,17 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 86,5595 % құрады (кірістілік – жылдық 16,15 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 ақпанында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 1 жыл МЕККАМ KZK200000778 
(MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1560772

[2026-02-17]