Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 ақпаннан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00017288 (FPSTb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

26.02.2026 15:30 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 26.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
27 ақпанынан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00017288 (KASE баламалы 
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb8; $100, $5,0 млн; 
23.02.26 – 23.02.27; тоқсандық купон, жылдық 10,50%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb8

[2026-02-26]